Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер 18 бас қой ұрлығы дерегін ашты

0 467

Байзақ ауданының полиция бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ағымдағы жылғы 10 қазанда Жетібай ауылына іргелес аумақта орналасқан жайылымдық алқаптан белгісіз адам 18 бас қойын ұрлап, оған 1.000.000 теңге сомасында материалдық шығын келтіргенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байзақ ауданының полиция қызметкерлері Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынын қойларды сату үшін алып бара жатқан сәтте анықтап, ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Күдіктінің айтуынша, иесіз жайылып жүрген қойларды көріп, ең ірілерін таңдап, жайылымнан 2 шақырым жерде орналасқан қамысқа айдап әкетіп, қараңғы түскенін күткен. Кейіннен ер адам малды тасымалдау үшін газель көлігін жалдап, қойлардың бір бөлігін әрқайсысы 40 000 теңгеге сатып үлгерген.

Осы дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Баптың санкциясы үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (9 189 000 теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазалауды көздейді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға шаруашылықтағы мал басының сақталуына қатысты бақылауды күшейту қажеттілігі туралы ескертеді және азаматтарды малдың қадағалаусыз жайылуына жол бермеуге шақырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.