Қалалық қоғамдық-саяси газет

Головкин жеңілмеген нокаутшымен қашан жұдырықтасады? – Менеджер жауабы

0 847

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькаоның (30-0, 20 КО) менеджері Серджио Батарелли қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы жекпе-жек қашан өтетіні туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Мен Эскива Фалькао мен Геннадий Головкиннің титулдық жекпе-жегін растайтын және жекпе-жек бойынша келіссөздер бастауға міндеттейтін екі электрон хат алдым, кездесу келесі жылдың басында болады. Жекпе-жек 2023 жылдың ақпанында немесе наурызында өтуі керек, бірақ бұл болжам ғана. Нақты күні мен орны келіссөздерге байланысты», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.