Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

0 316
Бүгін сағат 09.38-де Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне Жамбыл облысы, Қаратау-Тараз тас жолында, нақтырақ айтқанда Майтөбе елдімекенінің маңында жолаушылар тасымалдайтын автобустың жолдан шығып кетуіне байланысты шақырту түскен. Оқиға орнына Талас ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 5 адам жеке құрам шыққан. Құтқарушылар шақырту орнына келгенде автобустың қалың қарға тығылып қалғанын және автобус есігінің қалың қар салдарынан ашылмай қалғандығын анықтап, небәрі 20 минут көлемінде қарды күреп, ішіндегі 5 адамды құтқарып, сытрқа шығарды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.