Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты

0 152

    Бүгін Тараз қалалық мәслихатының инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлерге жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. Қойбақов көшесі, №14, «Жансая» ықшамауданындағы №30 және «Қаратау» ықшамауданындағы №23, 25, 27 үйлерге ат басын бұрған комиссия мүшелері мердігерлермен, тұрғындармен тілдесіп, мәселелеріне қанықты. Комиссия құрамы алдағы уақытта кем-кетіктер сараланып, тиісті шешімдер шығарылатынын жеткізді.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.