Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылорда облысында дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған әйел жазаланды

0 389

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауыл округінде дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған жиынға қатысушыға айыппұл салынды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kzсайтына сілтеме жасап.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дәрігерлер екпеге қатысты түсініктеме беру үшін ауылға келген.  Кездесу барысында кейбір азаматтар өз наразылықтарын білдірді.  Шара соңында қатысушылардың бірі дәрігерлерге жұмыртқа лақтыра бастады.

«Аталған факті бойынша Шиелі аудандық сотында әкімшілік материал қаралды. Ұсақ бұзақылық жасаған азамат ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлайды Қызылорда облысы ДПП баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда облысында әйед адам дәрігерлерге жұмыртқа атқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.