Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар облысында мектепті өртемек болған тұрғын ұсталды

0 228

Павлодар облысының тұрғыны бұрынғы әйелінен өш алмақ болып, ауыл мектебіне от қойған. Полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізу нәтижесінде көрші ауылдың 34 жастағы тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды  “Jambyl-Tarzan” ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

– Ер адамның айтуынша, ол 2 желтоқсан күні 03.20-да мас күйінде бұрынғы әйелі жұмыс істейтін мектепке барған.  Жұбайынан өш алу үшін мектептің кіреберіс есігінің сыртқы жағын дизель отынын құйып, өртеп жіберген. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мектептің кіреберіс есігі ғана өртенген.

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған 9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.