Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құқық қорғау органдарына арызбен жүгінерде нені білу қажет?

0 1  488

Құрметті Жамбыл облысы тұрғындары және қонақтары!

Егер Сіз қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен құқық қорғау органдарына жүгінгіңіз келсе, мынаны білуіңіз қажет:

Құқық қорғау органдары азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы заңсыз. Бұл үшін қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылуы немесе жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары азаматтардан өтініштер мен хабарламаларды кез келген уақытта (әрқашан) қабылдауға және тіркеуге міндетті.

Азаматтардан өтінішті алған кезде, қызметкер алынған өтінішті қабылдау және тіркеу туралы талон-хабарлама беруге міндетті.

Талон-хабарламада: өтінішті қабылдаған қызметкердің деректері, тіркеу нөмірі, органның атауы, мекен-жайы мен қызметтік телефоны, қабылдау күні мен қолы, жедел кезекшінің аты-жөні көрсетіледі. Талон-хабарламаны алған кезде қол қойып, оны алған күні мен уақытын қою керек.

Егер қандай да бір себептермен жедел кезекші сізге талон-хабарламаны ұсына алмаса, ақпаратты есепке алу кітабына тіркеуі тиіс. Өтінішіңіздің дұрыс қабылданғанына және тіркелгеніне сенімді болу үшін, нөмірді жазып алыңыз. Ол Сіздің өтінішіңізді болашақта іздеуге және сәйкестендіруге қажет болуы мүмкін.

Өтініш бойынша орган 24 сағаттың ішінде тиісті процесстік шешім қабылдауы тиіс, ол туралы ақпарат Сіздің мобильді телефон нөміріңізге 1414 желісі арқылы СМС хабарлама келеді.

 

ӨТІНІШ БЕРЕР АЛДЫНДА ТЕКСЕРІҢІЗ:

Өтініште барлық қажетті ақпараттар қамтылуы тиіс:

-Сіздің аты-жөніңіз;

-мекен-жайыңыз, телефон нөміріңіз;

-өтініштің мән-жайы және себебі;

-келтірілген шығынның толық немесе шамамен алғандағы сомманың көлемі;

-тұжырымдалған бөлік;

-өтінішке қол қойыңыз.

Егер органның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартса, онда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Басқармасына жүгінуге болады (Тараз қаласы, Қарасу ықшам ауданы, 15А тел: (7262)54-39-55,   8 705 5647525).

Б.Сейсенбекова,

Басқарманың Тараз қаласы бойынша құқықтық статистика және

арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау аға прокуроры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.