Қалалық қоғамдық-саяси газет

Семейде жүргізуші қызды қағып, белгісіз бағытқа алып кеткен

0 518

Семейде жасөспірім қызды қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр. Көлік апатына себеп болған тұрғын зардап шеккен қызды белгісіз бағытқа алып кеткен. Қазір жүргізушінің жеке тұлғасы мен қыздың қайда екені анықталуда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздестіру жұмыстары екі күннен бері жалғасуда. Алайда әзірге еш нәтижесіз.

«Семей қалалық полиция басқармасының 102 каналына «Радуга» сауда үйі ауданында жүргіншілер жолағында анықталмаған автокөлікте отырған белгісіз жүргізушінің кәмелеттік жасқа толмаған қызды (шамамен 12-13 жас) қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Жүргізуші зардап шеккен қызды белгісіз бағытқа алып кеткен», –  делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.