Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақшылары қуанышқа кенелді

0 495

Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан шаһардың ажары оның тазалығына да байланысты. Бұл ретте «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қызметкерлерінің еңбегі ерен.

Осыған орай Тараз қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен облыс орталығының келбетін ажарландыру жолында аянбай тер төгіп жүрген сала қызметкерлеріне арналған мерекелік кеш өтті. Шарада «Chalet» ЖШС-нің директоры Алия Омарбекованың демеушілігімен 100-ден аса қызметкерге түрлі сый-сияпат жасалды.
Қала тазалығымен көрікті. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың ызғарына қарамастан, қоғамдық жұмысшылар қарбалас тірліктерін тоқтатпайды. Сондықтан да олар қандай құрметке болса да лайық.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.