Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер қатынастары бөліміне жаңа басшы

0 621

Тараз қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Айменов Темирхан Талхайұлы тағайындалды.

Темирхан Талхайұлы 1960 жылы 17 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1977 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-гидротехник», 1983 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын «техника», 2002 жылы Әулие-Ата университетін «құқықтану», 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құрылыс» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтында аға оқытушы болып бастаған. 1995-2000 жылдары Жамбыл қалалық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бас маманы, төрағаның орынбасары, 2000-2002 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің ЕМК Тараз қалалық жер-кадастрлық жұмыстар филиалының директоры, 2002-2006 жылдары Тараз қалалық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы, төрағасы, бөлім бастығы, 2006-2007 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі, 2007-2013 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, бастығы болды.
2013-2015 жылдары «Таразстрой-2004» ЖШС директорының орынбасары, 2016-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ директорының орынбасары, басшысы, 2019-2020 жылдары 1-санатты сарапшы, Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының әкімшілік бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдары «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасының кеңесшісі, Шу ауданындағы «ХИМ-плюс» ЖШС бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Техника ғылымдарының кандидаты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.