Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таяу уақытта қазба байлығымыз таусылады

0 601

Еліміздегі қазба байлықты тасымалдаумен қатар, енді оның таусылу қаупі де жоғары. Кен орындарындағы өндіріс осы қарқынмен жалғаса берсе, таяу уақытта қазба байлық та таусылады. Өйткені пайдалы қазбаның жаңа орны ашылып жатқан жоқ дейді экология, геология және табиға ресурстар министрі. Бұл туралы turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

«Пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басты қатері – қорлардың толықтыру деңгейі төмен. Өндірудің қазіргі деңгейін алатын болсақ, тиісті толықтырусыз көптеген кен орнының қорлары таяу болашақта таусылады», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Бірекешев.

Министр пайдалы қазба байлығын қарқынды өндіру жақсылыққа әкелмейтінін айтады. Бұлай жалғаса берсе, жақын жылдары ірі кен орындары жабылуы мүмкін. Мысалы, 2040 жылдарға қарай  Шығыс Қазақстандағы кен орындары түгесіледі. Сәйкесінше бірнеше мекеме жұмысын тоқтатады. Экология министрі бұған тек жеке инвесторлар емес, Үкімет те шұғыл шешім қабылдауға тиіс деп есептейді. Себебі, геологиялық зерттеуді жаңартып, жер қойнауын табуға жеткілікті қаржы қазір бөлініп жатқан жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.