Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Алғашқы рет өзгерістер билік үшін емес, халық үшін жасалынбақ» – Мәжіліс депутаты

0 464

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Президенттің Конституциялық реформасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, өзгерістердің барлығы халық игілігі үшін жасалынады деп хабарлады turkystan.kz.

«Жаңа ғана Конституциялық Кеңес Ата заңға енгізілетін өзгерістеріне оң қортындысын берді. Конституциялық реформаны іске асыруда Президент Қ.К. Тоқаев елдің ұсыныс-пікірлерін ескеріп, үш күрделі мәселені шешуде батыл қадам жасады.

  1. Бірінші Президенттің тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деген норманы алып тастау және оның статусына қатысты заңдардың күшін жою.
  2. Суперпрезиденттік құрылымды өзгерту.
  3. Президент тумаластарын мемлекет және квазимемлекет секторда басшылық қызметке тағайындамау.

Ең бастысы, Президент конституциялық реформаны Парламент арқылы емес референдум арқылы іске асырмақ. Бұл мемлекет басшысының халыққа сенім артқаны және елді мемлекет басқаруға араластырғаны. Алғашқы рет өзгерістер билік үшін емес, халық үшін жасалынбақ. Жаңа Қазақстан осындай мемлекеттік-саяси трансформациялардан бастау алады, – деп жазды Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.