Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талдықорғанда 53 жастағы әйелді зорлаған күдікті ұсталды

0 267

Жетісу полицейлері Талдықорғандағы қонақүйлердің бірінің 53 жастағы қызметкерін зорлады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті Алматы қаласында ұсталып, қамауға алынды. Жәбірленушінің арызы 28 қазан күні қалалық полицияға түскен.

Белгілі болғандай,  жәбірленушіні жергілікті қонақүй бөлмесінің бірінде тұрған белгісіз адам зорлап кеткен. Оқиға орнынан қашып кеткен ер адам 35 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын қонақүйде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтады.

«Күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының аумағында жасырынып, іздеуде жүрген ер адамның мекенжайы анықталды», – деп хабарлады қалалық полиция.

Тергеу ҚР ҚК-нің 120-бабы және 121-бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.