Қалалық қоғамдық-саяси газет

Табиғаты тозғанның озғаны жоқ

0 196

«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деп білген дана халқымыз үлкенге құрмет көрсетуді тәрбиенің негізі деп білген. Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін де осы ардагерлер. Осыған орай, күні кеше Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  басшысы Олжас Баққараевтың қолдауымен мекемеде Ардагерлер ұйымы құрылды.
Шараға Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова арнайы қатысып, жаңа ұйымға ақ тілегін білдірді. Өз сөзінде Күләш Әмедияқызы бұл салада табанды еңбек еткен ардагерлерді ұйымға мүше болуға шақырды.
Аталған ұйымның төрағасы болып осы салада ұзақ жыл еңбек еткен Сағатбек Барлыбаев сайланды. Ал орынбасарлық міндет Жапар Сатылғановқа жүктелді. Ұйым хатшысының қызметін Ертан Жантаев атқарады.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.