Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтік көмек кімдерге көрсетіледі?

0 1  028

Тараз қаласы бойынша жергілікті өкілетті органның шешіміне сәйкес, жекеленген санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен 007 бағдарламасы бойынша келесі әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

ҰОС ардагерлеріне коммуналдық төлемдерге (телефон, газ) бір АЕК көлемінде төлем жүргізіледі.
Мереке және атаулы күндерге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге біржолғы әлеуметтік көмектер төленді.
Одан өзге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы жиырма еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, үш жүз айлық есептік көрсеткіштен көп емес арнайы комиссия қорытындысы негізінде жүргізіледі. 2023 жылы 17 адамға 9 142,5 теңге төленді.
Сонымен қатар мұқтаж адамдарға қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде 949 адамға 13 993,2 мың теңге көмек көрсетілді.
Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №7-6 шешіміне сәйкес, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген (141 333 теңге) деңгейінен аспаған жағдайда, қырық бес айлық (166 140 теңге) есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Зейнеткерлер санаторий-курорттық емделуге өтемақы алу үшін шипажайдан демалып келген соң тиісті құжаттарды (кассаға төленген түбіртек, счет-фактура, акт) ұсынуға тиіс. Өтемақыны төлеу барысында отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынады.
2023 жылы Қағидаға сәйкес өтініші бойынша жергілікті бюджеттен басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 180 жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге және 100 еңбек ардагерлеріне және 500 жасы бойынша зейнеткерлерге жол шығыны төлемінсіз, шипажайлық-курорттық 34 392,5 мың теңге қаражат жолдамаларға қарастырылған.
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларын санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу өткізілді. Жеңімпаз болып Сарыағаштағы «Әсел» шипажайы танылды. Барлығы 239 адам құжат тапсырып, оның ішінде 180 адам демалды. «Еңбек ардагерлері» санаты бойынша 150 адам құжат тапсырып, оның ішінде 100 адам «Меркі-Мейірім» шипажайында демалды.
2023 жылға 435 зейнеткердің санаторий-курорттық емделуіне 8 зейнеткер құжат тапсырды. Оның 6-ына өтемақы төленді, 2-іне ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталуына байланысты бас тартылды. Бұл мақсатқа қарастырылған 30,0 млн теңге бюджетке кері қайтарылды.
2024 жылы 300 еңбек ардагеріне, 150 жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге және 500 зейнеткерге (83 070,0 теңге) 157 833,0 мың теңге қаражат қарастырылды.
2023 жылғы қазан айынан бастап мәслихат шешімінде әлеуметтік мәні бар қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген (94 222 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, жылына бір рет жиырма айлық (73 840 теңге) есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіле бастады. Аталған көмекті 35 адам алды. 2 415,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Одан өзге 296 туберкулез және 3 АИТВ инфекциясымен ауырған балаларға 75 210,9 мың теңге төленді.
Жалпы 2023 жылы 007 бағдарламасы бойынша 4 146 адамға 353 935,1 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Г.Дүйсекова,
Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.