Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мақсат бар – жерде шектеу жоқ» облыстық байқау өтті

0 142

Халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай Жамбыл облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Мақсат бар – жерде шектеу жоқ» облыстық байқау өтті.

Аталған байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының» Республикалық байқау ережесіне сәйкес облыс көлемінде ұйымдастырылды.

Байқау мақсаты:  зағип жандардың мәдени-білім деңгейін арттыру, компьютерлік сауаттылығын арттыру, қоғамға бейімдеу және оңалту, түрлі салада зағип жандардың ой-өрісін кеңейтуге атсалысу,  кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.

Байқаудың нәтижесінде төмендегі зағип оқырмандар жүлделі орындармен марапатталды:

  1. «Компьютерде жылдам теру» номинациясы бойынша ІІ-орынмен Атакозиев Ермек, І-ші орынмен Бегимов Ербол Аққайұлы марапатталды.
  2. «Жылдам әрі мәнерлеп оқу» номенациясы ІІІ-ші орынды Құттыбаев Шорахан, ІІ-ші орынды Асылова Бейбісара, І-ші орында Әбішова Нышанкүл иеленді.
  3. «Диктант» номинациясында І-ші орынды Оңғарбаева Қолғанат иеленсе, Ақбаев Нұрсұлтан ІІ-ші орынмен марапатталды.
  4. «Эссе» номинациясында алдыңғы шепке шыққан Мария Машенова болды.
  5. «Берілген тақырыпта өлеңді суырып салып айту» номенациясында І-ші орынмен Сәрсенбаев Амангелді, ІІ-ші орынмен Қасымбек Болат марапатталды. Айта кетсек, жүлделі орынды иеленген азаматтар Республикалық байқауда аймақ намысын қорғап, бақ сынайтын болады.

Бұл байқауға аймақтың барлық облыстарының зағиптары қамтылды, олар өздерінің зағип болсада өмірге деген құштарлығын көрсетіп, өзара тартысқа түсті. Ал, қатысушыларымызға әділқазылық еткен Облыстық «Ақ жол» газетінің журналисті, аймаққа танымал айтыскер ақын  Есет Досалы, «Болашақ» мектеп интернатының дифектологы Рахаева Гүлсара Төлендіқызы, «Қазақ соқырлар қоғамы» Жамбыл облыстық  филиалының  төрайымы Нұрмашева Гүлнұр Омарқызы және кітапхананың бөлім басшылары болды.  Шара қатысушылары байқау барысында «Қазақ соқырлар қоғамы» Жамбыл облыстық филиалы  мүшелерінің орындаған әндерін тамашалап, көтерінкі көңіл-күймен тарқасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.