Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аяулы аналарға алғыс

0 1  333

Көңілімізге көктем шуағындай сезім мен нұр құятын аналардың айшықты мерекесінің қай кезде де орны бөлек.

Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.
Аталған мерекеге орай, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Ал, қанекей, аналар» атты іс-шара өтті.
Сайыс түрінде өткен шараның алғашқы кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырса, келесі кезеңде өнерлерін ортаға салды. Ал соңғы кезеңде сән үлгісін көрсетті.
Сайыс барысында тәрбиеленуші балалар мен орталық қызметкерлері әсем гүлдер бейнесінде ән салып, би биледі.
Шара соңында ақжарма тілектер айтылып, сыйлықтар мен марапаттар үлестірілді.

Мадина Смаилова,
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының
еңбек нұсқаушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.