Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында жол апатынан 6 адам қаза болды

0 725

Түркістан облысында тас жолда болған апаттан алты адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қазанда сағат 19.14-те Шардара облыстық полиция бөлімінің 102 пультіне адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. Келген бойда полиция Жетісай-Шардара тас жолының 172 шақырымында Opel көлігінің қарсы жолаққа шығып кетіп, Audi көлігімен бетпе-бет соқтығысқанын анықтады. Апат салдарынан екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы, оның ішінде екі кәмелеттік жасқа толмаған бала оқиға орнында қаза тапты.

«Тағы алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деді Түркістан облысының полиция департаменті өкілдері.

Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлімі (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Облыстық ПД атап өткендей, оқиға болған жер мұқият зерттелгеннен кейін жедел-тергеу тобы жолда ешқандай заң бұзушылықтар жоқ екенін, жол қозғалысына қатысушыларға жақсы көрінетінін, жүргізушілерді ескертетін жол белгілері бар екенін анықтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.