Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте қоқыс контейнерінен сәби денесі табылды

0 557

Шымкент қаласындағы қоқыс салатын жәшіктен сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бала қаладағы Рысқұлов көшесінен табылған. Куәгерлердің айтуынша, бала жаңа туылған. Мәйітті алғаш болып, сағат таңғы жетілер шамасында қоқыс тасушылар көрген.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетсек, бұған дейін Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған болатын. Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алды. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.