Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыбайластық сыйлық беруден басталады

0 2  032

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес – күн тәртібінде тұрған аса өзекті мәселелердің бірі. Бұл туралы Елбасы мен Мемлекет басшысының Жолдауларында үнемі айтылып келеді. Осы бағытта өңірде де бірқатар ілкімді істер қолға алынуда.

Атап айтсақ, сыбайластық фактілері туралы хабарлаған тұрғындардың сыйақы иеленуіне мүмкіндіктері бар. Яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілген болатын. Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген. Заңға сәйкес, параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мөлшерде белгіленген. Нақтырақ тоқталсақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 айлық есептік көрсеткіш (116 680 теңге), ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 айлық есептік көрсеткіш (145 850 теңге), ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс- тар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 айлық есептік көрсеткіш (204 190 теңге), аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 айлық есептік көрсеткіш (291 700 теңге) көлемінде сыйақы ұсынылмақ.
– Жемқорлық туралы хабарлаған адамды немесе осы сипаттағы қылмыстың бетін ашуға септескен азаматтарды көтермелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдерінің бірі. Азаматтарды көтермелеудің сараланған жаңа жүйесі енгізілді. Қазіргі таңда жемқорлық туралы хабар берген адам сол қылмыс барысында анықталған соманың 10 пайызына ие болады. Тіпті қылмыс барысындағы ақша көлемі 1000 айлық есептік көрсеткіш болса да, хабарлаған адам өз үлесін алады. Яғни 5 миллион теңгенің қылмысы туралы хабарлаған адамға 500 мың теңге беріледі. Мәселен, былтыр облыста сыбайлас жемқорлық қылмысын ашуға жәрдемдескен 14 тұлғаға 1 900 000 теңгеге көтермелеу сыйақысы үлестіріл- ді, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Дәурен Омаров.
Осы орайда аталған жайттар туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болатынын айта кеткен жөн.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.