Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді

0 193

Жамбыл облысының кәмелеткетолмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2020 жылдың 17-ші қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» атты тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар сабағын аша отырып соттың кеңсе меңгерушісі Р.С.Әбдіқұлов   сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі болып табылатындығын айтты.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талаптарын бұлжытпай орындалуына мемлекеттік қызметкерлердің  назарын аударды. Семинарға қатысушыларға  мемлекеттік қызметшінің этикасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мүмкіндіктері түсіндірілді.

Тілші М.М.Ахметов

«Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық  істер бойынша сот актілерінің  орындалуындағы проблемалық мәселелер» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы  Ғ.Ниетбаев пен Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Б.Пралиевтің қатысуларымен «Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық  істер бойынша сот актілерінің  орындалуындағы проблемалық мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізді.

Сот төрағасы Е.М. Дүйсенбаев семинарға қатысушылардың назарына алимент мөлшерін азайту туралы талап арыздармен азаматтардың сотқа жүгініп, осы санаттағы талап арыздардың саны ұлғайғандығын жеткізді.

Алимент мөлшерін азайту туралы талап арызармен жүгінуінің басты  себептерінің бірі атқарушылық іс жүргізу процесінде тараптардың медиативтік/медиациялық келісімдерден  хабардар болмауы болып табылады. Осы іс-әрекеттерді жүргізу тәртібі мен мүмкіндігі түсіндірілді.           

Семинарға қатысушыларға соттан тыс медиативтік рәсімдерді өткізу алгоритмін бірлесіп әзірлеуді ұсынды. 

Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Ғ.Ниетбаев атқарушылық құжатты қайтару және тоқтату тәртібі мен себептерін түсіндіріп өтті.

Семинар барысында қатысушылар алименттік міндеттемелер, қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде мемлекет кірісіне процессуалдық шығындарды өндіріп алу және әкімшілік жазаларды орындау бөлігінде сот актілерін орындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар кәсіби медиаторларды тарта отырып, медиативтік рәсімдер бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу туралы, сондай-ақ сот актілерін орындау бойынша салыстыру актісін жүргізу туралы келісімге келіп, өзара  пікір алмасты.

Тілші М.М.Ахметов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.