Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Соғысты тоқтатпауын сұраймын»: Қадыров тағы да мәлімдеме жасады

0 1  395

Рамзан Қадыров Ресей әскерінің Украинадағы операциясына жоғарғы баға берді. Ол Путиннен осы бетінен қайтпауын сұрады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Eadaily.com басылымының хабарлауынша, Қадыров Ресей Президентіне ұлтшылдардың көзін жойып, Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды құрту керектігін айтқан.

«Олар Украинаны қорғаймыз дейді. Егер олар Шешенстанды қорғағандай күресеміз десе, барлығы түсінікті. Тек Украинаның тегін нанын жеп, келесі мемлекетке қашып кетеді», – дейді Рамзан Қадыров.

Ол Украинадағы арнайы әскери операцияны әрі қарай жалғастыру керектігіне сенім білдірді.

«Бас қолбасшы Владимир Путиннен арнайы операцияны тоқтатпауын сұраймын. Біз Украинаны тазартып, босатып жатырмыз. Ұлтшылдарды жою мақсаты іске асуда. Мен Ресей әскерилері де осындай ойда деп ойлаймын. Әскерилер менен операцияны тоқтатпауды сұрауда. Қанға белшесінен батқан Украина билігі біздің әділ талаптармен келіспейді», – деді Қадыров.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.