Қалалық қоғамдық-саяси газет

Батыс Қазақстанда ауыл әкімі қаңғыбас иттерге оқ атқан (ВИДЕО)

0 330

БҚО-да ауыл әкімінің иттерге мылтық кезеп, оқ атқан сәті видеоға түсіп қалды. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл видео жұртшылықтың наразылығын тудырды деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 2 наурыз, күндізгі сағат 13.15-те Тасқала ауданындағы Достық ауылдық округінде болған.

«Венойл» жанар-жағармай стансасының бейнекамерасына жазылған видеодан Нива көлігінен түскен ер адамның сол маңайда жүрген иттерге пневматикалық қарудан екі рет оқ атқанын көруге болады. Алайда көзі нашар көретін ер адам иттерге оғын тигізе алмаған.

«Аталмыш дерек Тасқала ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Бұл азаматтың Достық ауылдық округінің әкімі екені анықталды. Тексеріс қорытындысында 1966 жылғы ер адамның іс-әрекетінен әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық белгілері табылмады. Материал тәртіптік комиссия отырысында қарау үшін Тасқала ауданының әкімдігіне жіберілді. Соның қорытындысына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті тәртіптік шара қолданылады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.