Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкент әуежайына «бомба қойылды»

0 307

Шымкент әуежайына бомба қойылды деген хабарлама келіп түсті. Полиция мен әуежай қызметкерлері адамдарды эвакуациялап, тексеріс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды,-“Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kzсайтына сілтеме жасап.

15 желтоқсан күні белгісіз біреулер әуежайға бомба қойылды деген хабарлама жіберген.

Куәгерлер оқиға орнынан видео түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан. Полицияда тексеріс жұмыстарының жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша тіркелді. Өзге ақпараттар жария етілмейді», –  деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, терроризм жайлы жалған ақпарат таратқан жағдайда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.