Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаламгерлер құрмет құшағында

0 185

 

Белгілі қаламгерлер  Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметованың есімі исі қазаққа жақсы таныс. Өмірде де, әдебиет айдынында да жұп жазбай келе жатқан қос ақынды Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев пен қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев мерекемен құттықтап барды. Ақын Қайырбек Асановқа «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын, Күләш Ахметоваға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс еткен Ержан Жұматұлы оларға шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі.

Қос қаламгер де қала басшылығына алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.Айтпақша, жуырда Күләш Ахметованың «Отан» атты кітабы оқырманға жол тартты. Ақынды жаңа жинағының жарық көруімен  құттықтаймыз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.