Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үш спорт нысаны пайдалануға беріледі

0 517

Тұрар Рысқұлов ауданында бұқаралық спортты дамыту және ауылдық жерлерде спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында Көгершін, Р.Сәбденов және Ақыртөбе елді мекендерінде спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

2022 жылы бастау алған құрылыс жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталмақ. Спорт нысандары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Жалпы аудан аумағында 182 спорт нысаны жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы спортпен шұғылданушылар саны 38,6 пайызды құраған.
Айта кету керек, Жамбыл облысында 23 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 16-сы қолданысқа берілмек. Сонымен қатар 2025 жылға дейін 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшасын, ал 2027 жылға дейін 59 спорт нысанын салу жоспарлануда.

Айсұлу Садуақас,
Тараз өңірлік университеті «Конвергенттік журналистика» мамандығының 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.