Қалалық қоғамдық-саяси газет

Спорт алаңшаларының саны артып келеді

0 583

Қордай ауданында спорт нысандарының саны жыл санап артып келеді. Бүгінде аудан бойынша 400-ге жуық спорт нысаны болса, оның ішінде 33 футбол алаңшалары.

Күні кеше спорттық нысандардың қатары Степной ауылы мен Арал ауылындағы су жаңа футбол алаңшасымен толықты. Ауыл көркіне сән берген спорттық алаңда үлкен-кіші барлық ауыл тұрғындары бірдей дене тәрбиесі және спортпен айналыса алады. Алаңшаны ашу үшін аудандық бюджеттен 20 миллион 899 мың теңге қаржы бөлінген. Заманауи стандарттарға сай жасалған алаңшалардың құрылысын «ОПС и К» ЖШС жүргізген.
Айта кету керек, биыл Қордай ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарасу және Ауқатты ауылдарында тағы спорттық-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі.

Лаула СЕЙДІЛДА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Конвергенттік журналистика» мамандығының 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.