Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сәнді көлік нөмірлерін алу үшін 243 млн теңге жұмсаған, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда аймақ бойынша 371 436 көлік бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға көп. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 335 936, ал заңды тұлғаларға – 35 500 көлік тіркелген.
«Осы жылдың он бір айында облыста 85 941 көлік тіркеуге алынды. 7 088 көлік бірінші рет тіркелген. Сондай-ақ 6248 көлік есептен шығарылды. Тұрғындар 923 сәнді көлік нөмірін 242 755 657 теңгеге сатып алды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жыл басынан бері 46 703 адамға жүргізуші куәлігі берілген. Оның ішінде 12 890 азамат бірінші рет жүргізуші куәлігін алды.