Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өскеменде 12 млн жымқырған мектеп директоры сотталды

0 116

ШҚО-да ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры 12 миллион теңге жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Altaynews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласының №2 соты  мектеп-интернаттың директоры 2013-2019 жылдар аралығында 12 830 996 теңгені ұрлаған анықтады.

«Кінә жәбірленуші тараптың, куәгерлердің айғақтарымен, бухгалтерлік құжаттармен, сондай-ақ ұрланған ақша сомасын растайтын сараптама қорытындысымен расталады», – деп нақтылады № 2 соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Прокурор айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, кәмелетке толмаған баласының болуын, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып және залалдың өтелмегенін ескеріп, сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – деп хабарлады № 2 сотта.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.