Қалалық қоғамдық-саяси газет

Семейде көлік қаққан жас жігіт қаза тапты

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Семейде екі адамды көлік қағып кетті.

0 199

Оқиға 1 желтоқсан күні кешкі сағат 22:20-да Қабанбай батыр мен Гете көшесінің қиылысында болған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Land Rover көлігінің 29 жастағы жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып, қашып кетті. 20 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Ал жарақат алған 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді», – деді полицей.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Таразда шенеунік 18 жастағы жас жігітті қағып өлтіріп, қашып кеткенін жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.