Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

0 203
2021 жылдың 30 қарашасынан бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас бәрігері болып Батырбек Балтабайұлы Үсенбаев тағайындалды.
Батырбек Үсенбаев 1972 жылдың 23 наурызында Жамбыл облысы Жамбыл ауданында жүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясына оқуға түсіп, 1997-1998 жылдары №1 қалалық перзентханада жансақату және анестезиология бойынша интерн-дәрігер болып қызмет атқарған. 1998-2002 жылдар аралығында аталған мекемеде реаниматолог-анестезиолог дәрігер, 2002-2004 жылдары Жамбыл облысының ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінде дерматолог дәрігер болып жұмыс істеген.
2008 жылы «Үміт» медициналық орталығы» ЖШС бас дәрігері, 2010 жылы Жаңаөзен қаласы орталық ауруханасында жансақтау бөлімінің реаниматолог-анестезиолог дәрігері қызметін атқарған. 2010-2011 жылдары Жаңаөзен қаласы орталық ауруханасы жансақтау бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, 2011-2014 жылдары Жаңаөзен қаласы орталық ауруханасы жансақтау бөлімінде І біліктілік санатындағы реаниматолог-анестезиологдәрігері және эндоскопист дәрігері болған. 2014-2018 жылдары Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, 2018-2020 жылдары Байзақ аудандық орталық ауруханасының реаниматолог дәрігері болып жұмыс істеген. 2020 жылы Жаңаөзен қаласы орталық ауруханасы балалар жансақтау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып, осы жылдың 15 қарашасынан бастап Мойынқұм ауданы орталық ауруханасының қызметін атқарып келген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.