Қалалық қоғамдық-саяси газет

Салтанат Тұрсынбекова президенттікке кандидат болып тіркелді

0 359

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекованың 20 қарашада өтетін алдағы сайлауда президенттікке кандидат болып тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық сайлау мүшесінің сөзінше лингвистикалық комиссияның ағымдағы жылдың 12 қазанындағы қорытындысына сәйкес Салтанат Тұрсынбекованың мемлекеттік тілді жетік меңгерген және қажетті қолдар саны да жеткілікті деңгейде жиналған.

«ОСК қаулысымен белгіленген президенттікке кандидатты қолдайтын сенімді қолдардың қажетті саны кемінде 118 273 адамды құрайды. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, Қазақстанның 18 өңірінен 119 316 адам Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызын қолдау үшін қол жинаған. Оның 118 434-і  шынайы деп танылды»,- деді Асылбек Смағұлов.

Ол Салтанат Тұрсынбекованы тіркеу үшін қажетті құжаттардың барлығы ОСК-ға тапсырылғанын және қойылатын талаптарға толық сәйкес келетінін алға тартты. Сөзінше, бүгінде кандидатты тіркеу үшін құжаттарды ұсыну туралы хаттама дайындалған.

“ОСК мүшелері хаттаманы мақұлдап, 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген кезектен тыс сайлауда Салтанат Тұрсынбекованы президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы ОСК қаулы жобасы дайындалды», – деп түйіндеді Смағұлов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.