Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талаптыдағы торқалы той

0 1  083

Мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы туған жері Талапты ауылында жалғасты.
Әуелі А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры Шерхан Мұртаза жайлы көріністі көпшілік назарына ұсынды. Ал мерейтойдың ресми бөлімінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов сөз сөйлеп, ізгі лебізін жолдады.
– Жұлдызы биік Жуалы жері талай тау тұлға азаматтар мен дүлділдерді дүниеге алып келген қасиетті мекен.
Осы қасиетті топырақта өмірге келіп, ақиқаттың алдаспанына айналған тұлғалардың бірі әрі бірегейі Шерхан Мұртаза еді!


Шерағаның туындылары қазақ халқының көркем әдебиетінің өркендеп өсуі жолындағы баға жетпес зор табыс болды.
Ол өз халқымен бірге жасап, қатар тұрып қалыптасқан қайсар тұлға. Оның елге бергені, айтқаны, көрсеткен үлгісі, сілтеген жолы ұшан-теңіз.


Өзінің Бауыржан (Момышұлы) ағасына ұқсаған тұлғасымен, мінезімен, жеңімпаз, жасампаз рухты қалыптастырған қайраткер.
Көзі тірісінде баспасөздің баһадүрі, қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанды, – деген Нұржан Молдиярұлы республикалық қаламгерлер байқауы мен ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттады.

Бұдан кейін Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, академик Оразалы Сәбден, жазушы-драматург Елен Әлімжан сынды танымал азаматтар Шер-аға туралы естеліктерімен бөлісті.
Торқалы той одан әрі концерттік бағдарлама мен ақындар айтысына ұласты.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.