Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент ІІМ және ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

0 146

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  

1. Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен  

Әділбай Дастан Әділбайұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы

Барғанаев Дархан Ермекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы

Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының аға офицері

Кабдинов Андрей Вячеславович (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кафедра бастығы

Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Тараз қаласы полиция басқармасының  1-бөлімінің учаскелік инспекторы;

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің көлік жүргізуші-полицейі

Аманов Айбат Ерболұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі

Асылханов Ален Мұхитұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі

Әділхан Жайық Ұғұлқанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бөлімше командирі

Бітім Мейірхан Ержанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты

Ержанов Ербол Тілеубекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы

Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты

Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы  5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі

Қамбетов Ринат Талғатұлы (марқұм) –  Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі

Смайылқанов Ғабдолла Ғалымұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімінің маманы (операторы);

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен  

Нұркенов Әділ Дулатұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кіші жедел уәкілі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының                  

Президенті        Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 9 қаңтар  № 753

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.