Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодарда онкологиялық дертке шалдыққан үш баланың анасына пәтер сыйлады

0 436

Еріктілер онкологиялық дертке шалдыққан павлодарлық әйелге пәтерге ақша жинап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Анастасия Ставкова қатерлі ісіктің төртінші деңгейі диагнозы қойылған, төсекке таңылып қалған ол 19 қаңтарда көз жұмды.

Үш баласы бар әйел жеңілдікті үй алу мақсатында 10 жыл бойы кезекте тұрған. Осы уақыт аралығында тұрғын үйді жалға алған. Алайда ауруға шалдыққан соң барлық ақшасы дәрі-дәрмектерге кеткен. Отбасы көшеде қалып қала жаздаған. Анастасия хосписқа жатуы, ал оның балалары – балалар үйіне кетуі мүмкін еді.

Бірнеше жыл бұрын Анастасия Ставкова үш бала тәрбиелеп жүрген, жұмысы бар болашағы жоспарлы әйел еді. 2019 жылы жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозы қойылған кезде бәрі өзгерді. Әйел емдеудің барлық әдістерін қолданды, бірақ жағдайы күрт нашарлады. 33 жастағы павлодарлық әйел төсекке таңылған. Ал анасы балаларды қамқорлыққа алды.

Оның анасы Татьяна Пасынкова немерелерін алып кетеді деп қорқады. Отбасының жеке баспанасы болмағандықтан, қаржылық жағдайы нашар болғандықтан болашағына алаңдауы.

“Мен балаларды шамам келгенше қараймын. Оларды тастамаймын деп қызыма уәде бердім”, – дейді анасы.

Еріктілер отбасының көмек сұрағанын біліп, көмектескен.

“Адамдар көптеп келді, азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеліп жүрді, балаларға заттар сатып алды. Мектеп, әкімдік, тіпті басқа қалалар да байланысқа шықты. Германиядан Анастасияға арналған пәтерге аударымдар түсті. Осы сағатта 15 млн теңге жиналды, бұл біз мүлдем күтпеген сома”, – дейді Екатерина Кудрявцева, «VITA» ерікті-іздестіру жасағының жетекшісі.

Қаражат жинау бүгін түстен кейін жабылды. Анастасия Старкованың отбасы үш бөлмелі пәтер алды. Еріктілер жақын арада отбасы өз баспанасына көшеді деп үміттенеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.