Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірлік бар жерде тірлік бар

0 312

Өңірдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау органдары мен әскерилердің еңбегі орасан. Соның ішінде ер мінезділігімен табандылық таныта білген Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері де елімізде орын алған қаңтар оқиғасында, мекемелерге жасалған шабуылға тойтарыс беріп, сын сағатта өздерінің Отан алдындағы антына адал екендігін көрсете білді.
Осындай, өз еліне, Отанына адал қызметкерді тәрбиелеген ата – анаға мың алғыс және әрбір ата-ана үшін баласы туралы жақсы сөз, жылы лебіз естіп жүргеннің өзі бір бақыт» -деп Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Нияз Рыспаев, қызметкерлердің ата-аналарына «Алғыс хат» табыс етті.
Сонымен қатар, орын алған төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай кезінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан қызметкерлерге 150 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.