Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қолымда домбырам бар мені қылмыскердей көрді» – Айгүл Елшібаева

0 237

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева ұшақта болған жағдайға түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.

Аir Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан Айгүл Елшібаеваны мас болып, шу шығарды деп сотқа берген болатын. Әнші мұнымен келіспейтінін, оның өзіне жабылған жала екенін алға тартты.

«Қолымда домбырам бар мені кәдімгі қылмыскер ұстағандай күтіп алды. Кейін әуежайдағы бөлімшеге апарып, хаттама толтырды. Алкоголь тексеретін аппаратқа үрлетті. Масқара! Өмірі арақ ішіп көрмеген мені осылай тексеруі жаныма қатты батты. Аir Аstana, тұтынушыларға құрметтерің қайда? Бір ауыз қазақша білмейтін стюардессаң қазақтың әншісін танымай, адамды қылмыскердей қаралауы орынды ма?» – деп күйінді әнші.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.