Қалалық қоғамдық-саяси газет

Назарбаевтың күйеу балалары қызметтерінен босатылды

0 137

«КазТрансОйл» АҚ басқарма басшысы  Димаш Досанов пен  «ҰК «КазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың қызметтерінен босатылды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі malim.kz сайтына сілтеме жасап. 

 «Шешім ( Досанов пен Шәріпбаевтың қызметтерінен босауы– КазТАГ) директорлар кеңесінде қабылданды», – депті жағдайдан хабары бар дерек көзі.

Досанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі, ал  Шәріпбаев  экс-президенттің үлкен қызы  Дариға Назарбаеваның күйеуі.

Бұған дейін Әлия Назарбаева әлеуметтік желі парақшасында қазақстандықтардың әкесіне қолдау білдіріп жатқанын жазған еді. Алайда, кейіннен Әлия Назарбаеваның әлеуметтік желілердегі парақшалары өшіріліп кетті. Кей деректерге қарағанда Әлия Назарбаева соңғы рет әлеуметтік желіге  Біріккен Араб Эмираттары жерінде жүріп жазба жариялаған.

Ал Дариға Назарбаева мәжілістің соңғы жиындарында төбе көрсеткен жоқ. «Депутат коронавирус жұқтырғандықтан жұмысқа келген жоқ» деген ақпарат таратып жатыр.

Н.Назарбаевтың және бір туысы -немере інісі Самат Әбіштің әлі де ҰҚК төрағасының орынбасары екені, алайда, қазіргі кезде еңбек демалысында демалып жатқанын кеше ҰҚК хабарлаған болатын.


Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.