Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қанша ақша жұмсалады? Қалалық мәслихат хатшысы жауап берді

0 131

2019 жылы Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту үшін қалалық бюджеттен 30 миллион теңге жұмсалған. Бұл туралы мәслихат хатшысы Ерлан Қаналимов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2019 жылмен салыстырғанда, барлық мемлекеттік органдар құжат айналымы 100%-ға цифрлық форматқа ауысты. 2019 жылы өзгерістердің болғанын ескере отырып, сол жылы маңдайшалар, бланктер мен басылымдарды ауыстыру үшін 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл жылы шығындар аз болады деп ойлаймын, себебі құжаттар цифрлы форматқа ауысқа. Қазір көптеген мемлекеттік органдар бланктерде ресми ештеңе толтырмайды, электронды-сандық қолтаңбаны пайдаланы», – деп мәлімдеді ол.

Ерлан Қаналимов Астана атауын қайтару үшін қаржы қалалық бюджеттен бөлінеді.

Еске салайық, 2 қыркүйекте «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы астананың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.