Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Байғұспын, бақытсызбын деп ойладым»: Луина түсік тастағанын ашық айтты

0 105

Әнші Луина жеке өміріндегі жағымсыз жайтты алғаш рет жария етті. Ол ұлы Давидке дейін де жүкті болғанын, түсік тастағанын ашық айтты. Әнші өзін бақытсыз сезінгенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен ана болуды армандадым. Білемін, бәлкім бұл өзімшілдік, бұл қалауым тек өзімді жұбату болған шығар. Сәтсіз жүктілік пен сәбиден айырылып қалғаннан кейін өзімді сондай аядым. Бала көтеруге қауқарсыз неткен бақытсыз байғұс едім деп ойладым», деп ағынан жарылды әнші.

Қазіргі уақытта Луинаның Давид есімді ұлы бар. Өнер иесі алдағы уақытта тағы балалы болуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, Луина енесімен қарым-қатынасы жайлы әңгімеледі.

«Артемнің анасы – менің анам. Әрине, оны «мама» деп атаймын. Туған анам жанымда болса, басқа адамды ана деп қаншалықты қиын болар еді, оны білмеймін. Бірақ менің мінезім мен өмірлік ұстанымдарыма, тәрбиеме қарасам, ештеңе өзгермес еді деп ойлаймын. Мен ол кісіні өте қатты жақсы көремін және бағалаймын», – деп бөлісті әнші.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.