Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мысықтың айласы

0 265

– Мияу, мияу, мияу, – деп,
Аш Мысық жүр бұралып.
– Зәлім Мысық мынау! – деп,
Тышқан танып тұр анық.
Шығар емес інінен,
Жатыр бұғып жай ғана.
Алдайын деп мұны мен,
Мысық көшті айлаға.
Даусын кенеп бір тұстан,
«Әуп-әуп» деді, «ыр-р» деді.
Ит деп ойлап сұр Тышқан:
– Тиіспейді бұл, – деді.
Шыққан кезде інінен,
Нағыз шатақ басталды.
Аңдып жүрген күнімен
Мысық бірден бас салды.
Майлап солай құлқынын,
Пеш қасына кеп отыр.
– Шетелдің де бір тілін
Білген жақсы! – деп отыр…

Асқаржан Сәрсек, ақын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.