Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер енгізілді

0 347

   Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сатып алулардың көлемі 67,6 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде облыстың бірыңғай ұйымдастырушысымен 60,1млрд. теңгеге (88,9%)191лот бойынша сатып алулар өткізілген.
Облыстық бірыңғай ұйымдастырушысы тарапынан өткізілген конкурстар нәтижесінде 1,2 млрд. теңге (3%) үнемделді.
Мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы бойынша 70 мердігер жеңімпаз болып анықталды, оның ішінде:
– Жамбыл облысында тіркелген мердігерлер саны – 51, сатып алулардың қорытындысы бойынша жасалған шарттардың сомасы 34,7 млрд. теңгені құрады (86,4%),
– басқа облыстарда тіркелген мердігерлер – 19, жасалған шарттардың сомасы – 5,4 млрд.теңге (13,6%).
ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында, атап айтқанда Заңның 39-бабында бір көзден алу тәсілімен сатып алуға болатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі көрсетілген.
Алайда, заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты, Заңның 41-бабын ескеру қажет, онда осы әдістің айрықшалығы туралы айтылған, яғни сатып алуды конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен және тауар биржалары арқылы өткізу жататын бәсекелестік тәсілдерімен өткізу мүмкін болмаған жағдайда ғана бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылуға тиіс екендігі көрсетілген.
Қазіргі уақытта, Заңның 39-бабында көрсетілген барлық тізбесінің ішінен, тапсырыс берушілер бір көзден алу тәсілімен көбінесе мынадай жағдайларда сатып алынуда:
– төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн қажетті тауарлар, қызметтер мен жұыстарды сатып алу;
– сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді алу;
– жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу;
– табиғи монополия салаларына жататын немесе белгіленген тарифпен көрсетілетін қызметтерді алу.
Жоғарыда көрсетілген заңнама нормаларының сақталуына мониторинг Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган Ішкі мемлекеттік аудит департаменті веб-порталдағы барлық сатып алуға камералдық бақылау жүргізуді жүзеге асырады.
Сатып алынатын ТЖҚ-ның ерекшелігін анықтау үшін камералдық бақылау арқылы Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есеп мониторингі жүргізіледі.
Осыған байланысты, келесі ақпаратты қамтуы тиіс есептердің деректерін дұрыс толтырылуына ерекше назар аудару қажет:
– мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;
– Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесі;
– өнім берушіні таңдау негіздемесі;
– мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер камералдық бақылау жүргізу кезінде таңдалған тәсілдің заңдылығын анықтауға және шарт жасасуды жеделдетуге көмектеседі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.