Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәди Ахметов Тұңғыш Президент ескерткіші туралы: «Болар іс болды, бояуы сіңді»

0 188

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау үшін дауыс берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Жас саясаткер кезінде Тұңғыш Президентке ескерткіш қоюды ұсынып, ал бүгін 1 желтоқсан мерекесінің мәртебесін өзгертуге қатысты жауап берді.

Ұсыныс тасталды, мен қолдадым. Осындағы 98 депутатпен қосылып дауыс бердім. Ескерткіш қою ұсынысыма бұл шешім кереғар емес. Себебі қазір Жаңа Қазақстанда жұмыс істеп жатырмыз. Болар іс болды, бояуы сіңді,

— дейді депутат.

Сондай-ақ ол елордаға Астана атауын қайтару бойынша ұсынысқа да жауап берді.

Мен екі жыл бойы ресми атауды, яғни Нұр-Сұлтан деп атап жүрдім. Астана, елорда деп те атай беретінмін. Енді қоғам талабын көріп отырмыз, адамдар өзгерістерді қалап жатыр. Көп адам Астана деген атауды қалайды екен,

— деді Мәди Ахметов.

Бұған дейін депутаттар елордаға Астана атауын қайтару бойынша ұсыныс жасаған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.