Қалалық қоғамдық-саяси газет

КТК арнасы медиаорталыққа жасалған шабуыл сәтін көрсетті

0 190

«КТК» телеарнасы Алматы орын алған тәртіпсіздіктер жайлы деректі фильм жариялады. Фильмде арна медиаорталыққа жасалған шабуыл сәтін көрсетті, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан шабуыл жасаған ер адамдардың намаз оқып, одан кейін медиаорталық есігін бұзып, ішке кіргенін көруге болады.

«Біздің қолымызға бейне бақылау камерасына түсірілген жазбалар түсті. Міне, шабуылшылар дұға етіп, одан кейін ішке кіру үшін темірден жасалған есікті бұзуда. Ал бұл ұйымдасқан штаб, мұнда ұйымдастырушыларды анық байқауға болады. Бұрышта жаралылар мен тұтқынға алынған әскерилер отыр», – делінген деректі фильмде.

«Лаңкестер дайындықтан өткен. Олар ненің бұзу керегін, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын тоқтату үшін жанғыш заты бар бөтелкені қай жерге лақтыру керегін де білген. Бірінші кезекте – телеарналар. Бөтелкелер дәл құрылғылар орналасқан жерлерге лақтырылған», – деп мәлімдеді «Еуразия бірінші арнасының» бас директоры Сергей Киселев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.