Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда ер адам сүйіктісін 14-қабаттан құлатып жібермек болған

0 343

Нұр-Сұлтан қаласында 23 жастағы ер адам 22 жастағы сүйіктісін 14-қабаттан құлатып жібермек болған. Ол мұндай әрекетке арада болған ұрыстан кейін барған, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция дерегіне сәйкес, 22 қаңтарда Сарайшық көшесінде белгісіз адамның қызды тапаншамен қорқытып, көпқабатты үйдің 14-қабатына алып кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Дархан Шүкенов пен Дархан Әбдікеев қайғылы оқиғаның алдын алды.

«Күдікті ұсталып, полция басқармасына жеткізілді. Қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Анықталғандай, тапанша ойыншық болған. Қазір аталмыш дерек бойынша «Адам өміріне қастандық ойлау» бабымен тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы Полция департаментінің уақытша қамау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полициядағылар.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар тұрғынының жүкті әйелін өлтіріп, жалған оқиға ойлап тапқанын хабарлаған едік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.