Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кітап оқып, ой бөліс

0 287

Абай атындағы орталық кітапханада тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «100 кітап оқып, ой бөлісемін» атты оқырман бенефисін өткізді,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Оқырмандарға аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 100 кітап оқып,  жетістікке жеткен Абай атындағы орталық кітапхананың оқырманы Ақерке Еркінбекқызы,  М. Шолохов атындағы филиалдың оқырманы Бауыржан Нұралы және №6 филиалдың оқырманы Нұрдәулет Тілеумұратов қатысты.  Кітап құмар азаматтар «Сіз оқыған кітап авторының ізденісі, баяндау мәнері қандай?»,«Кітаптың қай тұстары ерекше көңілге қонымды?» деген сынды сұрақтарға жауап бере отырып, пікір алмасты.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері бенефициаттардың оқыған кітаптарынан «100 оқырманға —100 кітап» атты көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ мекеме әдіскері Г. Жолина ақын Күләш Ахметованың «Кітап» атты өлеңін оқыды. Жиын соңында қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Саулебаева қатысушыларды марапаттап, шараны қорытындылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.