Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда әйел баласын көлік жолының ортасына қалдырып кеткен

0 77

Алматы қаласында әйелдің баласын көлік жолының ортасына қалдырып кеткені бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған видео көпшіліктің жағасын ұстатты. Zello_aqtobe парақшасындағы жазбаның авторы оқиғаның Алматыдағы Қалқаман-2 ықшамауданында болғанын айтады.

Бейнежазбадан әйелдің баласын үйден алып шығып, көлік жолының ортасына қалдырып кеткенін көруге болады. Мұны кездейсоқ жолаушы көріп қалған. Ол баланың өміріне алаңдап көтеріп алады, осы кезде үйден қайта шыққан әйел ер адамға бас салады. Және бұл уақытта үшеуін де автокөлік қағып кете жаздайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.