Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әкім боламын». Ауданның ең күрделі мәселесін айтқан оқушы көпті тәнті қылды

0 225

Жасөспірім аудандағы қаңырап тұрған тастанды ғимараттар өзін толғандыратынын айтады. Ал бұл мәселені қазіргі әкім шеше алмай жүрген сияқты, деп хабарлайды Экспресс К.

«Хабар» телеарнасының журналисті оқушыдан әуелі оқу үлгерімінің қандай екенін сұрайды. Ол орташа бағаға оқып жүрмін деп жауап береді. Ал өскенде кім болғысы келетінін сұрағанда, бала ойланбастан «әкім боламын» дейді.

Осы ауданның әкімі болғым келеді. Әкім болсам, мынау тастанды ғимараттардың бәрін қалыпқа келтірер едім, — дейді оқушы.

 

Ал осы бастан аудандағы түйткілді мәселелерді көтерген оқушының бұл сөзі желі қолданушыларына ұнады.

«Дұрыс, елге қызмет — ету білімнен емес, мінезден»,»Сабағы орташа болса да, елдің қамын ойлап тұр»,»Мына бала мықты әкім болады», — деп жазды пікір білдірушілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.