Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Jambyl» телеарнасында жарқын жобалар

0 1  659

33 жылға жуық тарихы бар «Jambyl» телеарнасы жаңа маусымын бастады. Осыған орай  тарихы терең аймақ айнасында жаңа маусымның таныстырылымы өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, жергілікті БАҚ басшылары мен сала ардагерлері қатысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген Еркін Құлымбайұлы телеарнасының жұмысына табыс тілеп, ізгі тілегін жолдады.  Лебіздер легі одан әрі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының Еркінбек Солтыбаев және телеарна ардагерлері Асқарбек Сейілхан, Ғайни Әлімбекқызының құттықтау сөздерімен жалғасты.

Тамырын тереңге жайған телеарнаның жаңа маусымы тың жобаларға толы. Айталық, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі кеңес  беретін, алуан айдары бар «8 Aimaq», «Baqyt kilti», «Patriot», «Шевели извилинами», «Qalamger kluby», «Әкім 08»,  «Rauan», «Служба спасения» сынды жарқын жобалар көрерменге жол тартпақ. Бұған қоса тәулігіне 4 мәрте тікелей эфир ұйымдастырылып, тілшілер оқиға орнынан жедел ақпарат тарататын болады.

Шараны түйіндеген «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева аймақ айнасы тек мұнымен ғана шектелмей, көрермен сұранысын қанағаттандыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді.

Айшықты шараны К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары әсем әнмен әрлеп отырды.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.