Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көздері қызыл, дәл зомби секілді»: Алматылық оперативтік қызмет уәкілі полиция ғимаратын қалай қорғағаны туралы айтып берді

0 220

Алматы оперативті қызметінің уәкілі тәртіпсіздіктер кезінде полиция ғимаратын тәртіп сақшыларының қалай қорғағандары туралы айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызметінің ерекшелігіне байланысты полицейдің аты-жөні аталмады. Майордың сөзінше, жаппай тәртіпсіздіктер 5 қаңтар күні «Алматы Арена» маңында басталған.

«Арнайы жасақ қызметкерлері ашулы топты сабырға шақырғысы келді. Олар от жағып, көшелерді жапты. Әрі мас болғаны байқалды. Біз оларға жақын тұрдық. Көздері қызарған, дәл зомби секілді. Олар «Әкімдікке барайық» деп айқайлады. Бұдан кейін ашулы топ әкімдікке қарай бет алды», – деп еске алды ол.

Майор полицейлердің аяусыз соққыға жығылғанын және қалқан мен бронды кеудешелерін тартып алғанын айтады.

«Полицейлер соққыға жығылып, киімдері жыртылған. Наразы топ олардың дулығасы мен қалқанын  тартып алған. Әр көлікті, соның ішінде жедел жәрдемді де тоқтатып, полицейлердің бар-жоғын тексерді. Тіпті жүк салғышты да ашып қарады. Біз полиция қызметкерлерін қайткенде де алып шығу туралы шешім қабылдадық», – дейді полицей.

Ал кешкілікте оперативтік қызмет уәкілі қарулар лаңкестердің қолына түспеу үшін полиция департаментінің ғимаратын қорғаған.

«Айналма жолмен полиция департаментіне жеттік. Бізге нұсқау берілді. Дыбыстық гранаталар лақтырып, ескертпе жасадық. Бірақ еш нәрсеге назар аудармады, оларды ештеңе қорқытпады. Оқ жарақатын алған адам орнынан тұрып, департаментке қарай беттеді. Екі адам келіп, жаралыларды алып кетті. Көлікпен жоғары жылдамдықпен өтіп, оқ атты», – деп қосты майор.

Полицейдің сөзінше, басып алынған КазАЗ жүргізушісінің көзі жойылған. Ашулы топ ауыр техникамен ғимаратқа бірнеше рет шабуыл жасаған.

«Біз қақпаны бұзбақ болған КамАЗдың қайты оталғанын естідік. Олар бізге бірнеше рет «Молотов коктейлін» лақтырды. Департамент алдында үлкен ағаш бар. Жанғыш сұйықтығы бар бөтелкелердің бірі бұтаға ілініп, ғимаратқа жетпей қалды. Адамдар ашулы және қаруланған еді, бейбіт митинг емес екені бірден түсінікті болды. Мен полиция қызметкері болып, лаңкестердің шабуылына төтеп бере алғаным үшін қуанамын. Мен және менің әріптестерім шабуыл кезінде тірі қалдық», – деп аяқтады полицей.

Айта кетейік, бұған дейін полиция инспекторының әріптесін құтқарып қалғаны туралы хабарлаған едік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.